2 000 жылдық Египет мумиясынан жасырын зат табылды

/
2 000 жылдық Египет мумиясынан жасырын зат табылды
сурет: Вроцлавский университеті

Шамамен 2 000 жыл бұрынғы бала мумияс күтпеген ғылыми жаңалыққа себеп болды. Польшадағы Вроцлав қаласында сақталған жәдігер алғаш рет толық зерттеліп, оның ішінде белгісіз зат бар екені анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz sciencedirect.com-ға сілтеме жасап.

Ғалымдар компьютерлік томография көмегімен мумияны зақымдамай зерттеген. Скан нәтижесінде баланың кеуде тұсына өте мұқият орналастырылған кішкентай объект табылған. Зерттеушілер бұл папирус немесе қорғаныш амулеті болуы мүмкін деп болжайды. Мұндай заттар ежелгі Мысырда марқұмды "о дүниеде қорғау үшін" қолданылған.

Алайда табылған затты әзірге алу мүмкін емес: мумияның қабаты өте нәзік, кез келген әрекет оны бүлдіруі ықтимал.

Зерттеу барысында мумия шамамен 8 жастағы балаға тиесілі екені анықталған. Оның бойы 123 см болған, ал жасы тістеріне қарап нақтыланған. Өлім себебі әлі белгісіз: денеде жарақат немесе айқын ауру белгілері табылмаған.

Сканерлеу мумификация тәсілінің де ерекшеліктерін көрсетті. Мысалы: миы мұрын арқылы алынған, ішкі ағзалардың көп бөлігі ерекше әдіспен шығарылған, дене қуысы матамен толтырылған, шайыр (смола) аз қолданылған

Бұл баланың жерленуі аса бай болмаса да, ұқыпты жасалғанын көрсетеді. Мумияның шыққан тегі де анықталды: әшекей өрнектеріне қарап, ол Жоғарғы Египеттен, шамамен Ком-Омбо немесе Асуан маңынан әкелінген болуы мүмкін. Сонымен қатар сирек кездесетін құдай бейнесі – Нехебкау да назар аудартқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары