Қалай Эйфель мұнарасының "иесі" атануға болады?

/
Қалай Эйфель мұнарасының "иесі" атануға болады?
сурет: istockphoto.com

Атақты Эйфель мұнарасының бір бөлігі аукционға қойылып жатыр. Енді кез келген адам тарихи нысанның шағын фрагментін сатып алып, оның «иесі» атана алады, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, мұнараның екінші және үшінші қабатын жалғап тұрған ескі бұрандалы баспалдақтың бір бөлігі сатуға шықты. Бұл лотты 2026 жылдың 21 мамырында париждік Artcurial аукцион үйі сатылымға қояды.

Сатылатын нысанның сипаттамасы: биіктігі – 2,75 метр, диаметрі – 1,75 метр, 14 болат баспалдақтан тұрады. Бұл баспалдақ 1889 жылы мұнара алғаш ашылған кезде келушілер пайдаланған түпнұсқа элементтердің бірі болған.

Сарапшылар оның бағасын 120-150 мың еуро деп бағалап отыр. Алайда тәжірибе көрсеткендей, соңғы баға бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Мысалы, 2016 жылы осындай бөлік 500 мың еуродан астам сомаға сатылған.

Айта кетейік, 1983 жылы мұнараға жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде ескі баспалдақтар алынып, олардың шамамен 20 бөлігі жеке-жеке сатылған. Бүгінде олардың бірқатары Орсе музейі сияқты музейлерде сақтаулы, ал кейбірі жеке коллекцияларда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары