Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

«Қазгидромет» РМҚ 9 сәуірдегі ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде, түнде батысында, солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында қар жаууы ықтимал. Тек Қазақстанның шығысында аңтициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман болып, желдің күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары