Қарағандыдағы әскери бөлімде оқушыларға арналған «Ашық есік күні» өтті

Қарағандыдағы әскери бөлімде оқушыларға арналған «Ашық есік күні» өтті

Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөлімінде мектеп және колледж оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа әскери қызметтің ерекшеліктерін таныстыру, патриоттық рухты қалыптастыру және Отан қорғауға деген қызығушылықты арттыру болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөлімінде мектеп және колледж оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа әскери қызметтің ерекшеліктерін таныстыру, патриоттық рухты қалыптастыру және Отан қорғауға деген қызығушылықты арттыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың күнделікті қызметі туралы толық мәлімет алды. Сонымен қатар, әскери қызметшілер қару-жарақ түрлерін көрсетіп, олардың қолданылу тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға әскери техника мен арнайы құрал-жабдықтар таныстырылып, олардың мүмкіндіктері көрсетілді.

Шара аясында қонақтарға саптық дайындық элементтері, жауынгерлік даярлық көріністері ұсынылып, әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігі паш етілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери өмір туралы көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды.

Ашық есік күні барысында жастарға әскери қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі түсіндіріліп, Отанға деген сүйіспеншілік пен адал қызмет етудің мәні кеңінен насихатталды. Осындай тағылымды іс-шаралар жас буынның елжандылық қасиеттерін арттыруға және олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына септігін тигізеді.

Іс-шара соңында оқушылар әскери бөлім басшылығына өз алғыстарын білдіріп, алған әсерін бөлісті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары