Таиландта жүздеген трансгендер әскери шақыруға барды

/
Таиландта жүздеген трансгендер әскери шақыруға барды
сурет: istockphoto.com

Таиландта жыл сайын өтетін әскери лотерея қайта басталып, қоғам назарын тағы да өзіне аударды. Ел заңына сәйкес, 21 жастан асқан барлық ер азамат міндетті түрде шақыру пункттеріне келуі тиіс. Бұл талап құжат бойынша ер адам ретінде тіркелген трансгендер әйелдерге де қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүйе қарапайым: қара түсті карточка түскендер әскери қызметтен босатылады, ал қызыл карточка алғандар екі жылға әскерге шақырылады.

Көп жағдайда трансгендер әйелдер медициналық себептерге байланысты қызметке жіберілмейді. Соған қарамастан, олар рәсімнің өзіне қатысуға міндетті.

Жыл сайын бұл процесс қоғамдық резонанс тудырады. Шақыру пункттеріне журналистер жиналып, әлеуметтік желілерде қызу талқылау жүреді.

Кейінгі жылдары Таиландта осы мәселеге байланысты заңнаманы қайта қарау жөнінде пікірталастар жиілеген. Алайда әзірге нақты өзгерістер қабылданған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары