Алматыда шашын жей беретін 12 жастағы қыздың асқазанына ота жасалды

/
Алматыда шашын жей беретін 12 жастағы қыздың асқазанына ота жасалды
almatytoday

Алматыдағы №2 балалар клиникалық ауруханасының хирургтары 12 жастағы қызға күрделі ота жасап, оның өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Науқас медициналық мекеменің хирургия бөліміне шұғыл түрде жеткізілген. Дәрігерлер оған сирек кездесетін "трихобезоар" диагнозын қойған. Бұл – асқазанда шаштың көп мөлшерде жиналуымен сипатталатын ауру.

Аурухана директоры Марат Рабандияровтың айтуынша, кешенді тексеру барысында, оның ішінде эндоскопия кезінде, баланың өміріне қауіп төндірген ірі түзілім анықталған. Осыған байланысты шұғыл операция жасау қажет болған.

Айта кетейік, бұл науқасқа бұған дейін де дәл осы диагнозбен екі рет ота жасалған: 2021 жылы Шымкентте және 2024 жылы Семейде. Қайталанған хирургиялық араласулар салдарынан құрсақ қуысында жабысқақ процесс пайда болып, операцияны одан әрі күрделендірген.

Хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Қаптағаевтың сөзінше, мұндай жағдай операцияның өтуіне айтарлықтай қиындық туғызған.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, қажетті ем қабылдап жатыр.

Мамандардың айтуынша, бұл аурудың негізгі себебі – трихофагия, яғни шашты жұлып, жұту әдеті. Емдеу барысында науқаспен психолог жұмыс істеген.

Дәрігерлер қыз бала ауруханадан шыққаннан кейін де рецидивтің алдын алу мақсатында психиатр бақылауында болуын ұсынады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар