"43 мың еуро": Исландия нашар фотографтар арасында байқау жариялады

/
"43 мың еуро": Исландия нашар фотографтар арасында байқау жариялады
сурет: istockphoto.com

Исландияның ұлттық әуе тасымалдаушысы Icelandair ерекше байқау жариялады. Компания «ең нашар фотографтың өзі Исландияның керемет суреттерін түсіре алады» дегенді дәлелдеуді көздеп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар жеңімпазға 10 күндік сапар ұсынады. Жолдамаға ұшақ билеттері, тұру, жеке шығындарға арналған қаражат және сапар соңында түсірілген контент үшін 43 мың еуро сыйақы кіреді.

Байқаудың басты ерекшелігі оған кәсіби емес, тіпті сурет түсіруді аса ұнатпайтын адамдар қатыса алады. Яғни, бұған дейін бұлыңғыр кадрлар түсіріп, кадрға саусағын кіргізіп алатындар да өз бағын сынай алады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар да нақты: үміткер 21 жастан жоғары болуы керек, жарамды паспорты болуы және Исландия, Ұлыбритания мен АҚШ-қа сапар шеге алуы қажет. Сонымен қатар, камера алдында еркін болу, бейне мен фотоға түсуге және табиғат аясындағы белсенді демалысқа дайын болу маңызды.

Өтінім беру үшін арнайы сайтта алты сұраққа жауап беру қажет. Қосымша ретінде бір минуттық видео жіберіп, не себепті лайықты кандидат екеніңізді түсіндіруге болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар