Медицина ғылымдарының докторы Андрей Тяжельников жасыл банандардың қандай қасиеттері бар екенін түсіндірді. Ол бұл жемістің күтпеген пайдасы туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тяжельниковтың айтуынша, жасыл банандарда сары банандарға қарағанда қант аз болады. Сонымен қатар, піспеген банандарда микробиом мен ас қорытуға пайдалы резистентті крахмал, сондай-ақ С дәрумені мен антиоксиданттар көп.
Дәрігердің сөзінше, жасыл банандар қант диабетімен ауыратын адамдарға ұсынылады, өйткені олар қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға көмектеседі.
Сондай-ақ маман тым пісіп кеткен банандардың қасиеті өзгеше екенін атап өтті: олар қандағы глюкоза деңгейін тез көтереді, сондықтан диабетпен ауыратын адамдарға оларды жеуге болмайды. Тяжельниковтың айтуынша, қатты піскен банандарда аз мөлшерде спирт те болуы мүмкін және олар сәл ашуы ықтимал. Дегенмен мұндай жемістер пісіруге немесе мұздатуға жақсы келеді.