Ғылым іш пыстырмайды: ең күлкілі 5 ғылыми зерттеу

/
Ғылым іш пыстырмайды: ең күлкілі 5 ғылыми зерттеу

Ғылым тек күрделі формулалар мен зертханалардан тұрмайды. Кейде ғалымдар тосын, тіпті күлкілі көрінетін сұрақтарды зерттеп, маңызды қорытындыларға келеді, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Мысықтар сұйықтық па?

Француз физигі Марк-Антуан Фарден мысықтардың кез келген ыдысқа «сыйып кететінін» байқап, оларды сұйықтық ретінде қарастыруға бола ма деген сұрақ қойған. Нәтижесінде, уақытқа байланысты мысықтар шынымен сұйық дене сияқты әрекет ететіні анықталған. Жас мысықтар – «ағып тұрады», ал кәрілері – «қоюырақ». Бұл зерттеу реология заңдарын қарапайым тілмен түсіндіруге көмектесті.

2. Өлі балықтың «миы жұмыс істеді»

Нейробиолог Крэйг Беннет тәжірибе үшін өлі албырт балықты МРТ-сканерге салып, оған суреттер көрсеткен. Құрылғы «ми белсенділігін» тіркеген. Әрине, бұл мүмкін емес. Осылайша ғалымдар деректерді қате өңдесе, жоқ нәрсені де «табуға» болатынын дәлелдеді. Бұл нейроғылымдағы әдістемені қайта қарауға себеп болды.

3. Қартайған сайын құлақ неге үлкейеді?

Британ дәрігері Джеймс Хиткот 200-ден астам адамның құлағын өлшеп, қызық қорытындыға келген: ер адамдарда құлақ жылына шамамен 0,22 мм-ге ұлғаяды. Себеп – шеміршек икемділігінің төмендеуі мен ауырлық күші. Бұл дерек қартаю белгілерін зерттеуде маңызды.

4. Ат құйрығының физикасы

Ғалым Джозеф Келлер «жүгірген кезде шаш неге желпілдейді?» деген сұраққа жауап іздеген. Ол құйрықтың қозғалысын математикалық модельмен сипаттап, оны «маятник» ретінде түсіндірді. Бұл зерттеу анимация, спорт және инженерия саласында қолданыс тапқан.

5. Жаңбырда жүгірген дұрыс па, әлде жүрген бе?

Итальян физигі Франко Боччи бәрімізді мазалаған сұраққа жауап іздеді. Қорытынды қарапайым емес, жаңбыр тік жауса немесе жел арттан соқса – жүгірген тиімді; жел қарсы соқса – кейде жай жүрген дұрыс; нәтиже адамның дене бітіміне де байланысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары