Қарағандыда инвесторды заңсыз тексерген шенеуніктер қызметінен босатылды

/
Қарағандыда инвесторды заңсыз тексерген шенеуніктер қызметінен босатылды
istockphoto.com

Қарағанды облысының прокуратурасы еліміздің стратегиялық кәсіпорындарының бірінің қызметіне заңсыз араласуды тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған компания ұзақ уақыттан бері арнайы экономикалық аймақ аумағында әртүрлі өнім түрлерін шығарумен айналысып келеді және елдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің қажеттіліктері үшін маңызды болып табылады.

Нысанның ерекше мәртебесіне қарамастан, қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы түрде, өңірлік полиция тарапынан кәсіпорынға тексеру жүргізу әрекеттері жасалған.

Прокуратураның уақтылы араласуы инвестордың құқықтарының бұзылуын болдырмауға мүмкіндік берді.

Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар қызметкерлер, оның ішінде басшылық құрам өкілдері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметтерінен босатылуға дейінгі шаралар қолданылды.

Бизнеске, әсіресе стратегиялық жобаларды іске асыратын субъектілерге қысым көрсетуге бағытталған кез-келген әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетін болатынын айта кету керек.

Инвесторларды қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу прокуратура қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады және ерекше бақылауда.

Қарағанды облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқықтарының бұзылуына тап болған инвесторларды дереу 8 (701) 544 08 59 нөміріне немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары