Үй жануарларының ерекше түрін таңдаған Мина Алали есімді қыздың Мерлин атты шошқасы Guinness World Records кітабына енді. Ерекшелігі – жануар арнайы батырмалар арқылы «сөйлей» алады, деп хабарлайды turkystan.kz Washington Post-қа сілтеме жасап.
Мина Алали Мерлинді төрт жыл бұрын асырап алған. Бұған дейін ол кесірткелер мен егеуқұйрықтарды бағып көрген, кейін ерекше жануар ретінде шошқа алуға шешім қабылдаған. Оның айтуынша, вьетнамдық вислобрюх шошқалар өте ақылды, бірақ олардың қабілетін дамыту үшін тұрақты жаттығу қажет.
Қыз күн сайын Мерлинге қарап, оны түрлі бұйрықты орындауға үйреткен. Бастапқыда шошқа серуенге шығуды үйренсе, кейін «отыр», «күт» сияқты бұйрықтарды меңгерген. Қазіргі таңда жануар арнайы батырмалар арқылы өз тілегін жеткізе алады: «су», «рахмет», «көкөніс бер», «жеміс бер» сияқты сөздерді «айта» алады.
Мерлиннің «сөздік қоры» уақыт өте байып келеді. Тіпті «мен ашулымын» немесе «маған назар аудар» деген батырмалар да бар. Иесінің айтуынша, жануар эмоцияларын да анық білдіре алады.
Қазір салмағы 80 келіге жеткен Мерлин үйдің толыққанды мүшесіне айналған. Ол күн сайын иесімен бірге уақыт өткізіп, кешке диванда демалады. Алали жақында тұрмысқа шығуды жоспарлап отыр, әрі үйлену тойында сақиналарды Мерлин алып шығуы мүмкін.