Ерлан Әбдиев: Алатау қаласы туралы заң – болашаққа жасалған нақты қадам

Ерлан Әбдиев: Алатау қаласы туралы заң – болашаққа жасалған нақты қадам
Алматы облысының әкімдігі

Мәжіліс депутаты, "AMANAT" фракциясының мүшесі Ерлан Әбдиев «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңның екінші оқылымда қабылдануын болашаққа жасалған нақты қадам ретінде бағалады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Депутаттың айтуынша, бұл – мемлекет пен қоғам дамуы философиясының жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын көрінісі.

«Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңның екінші оқылымда қабылдануы бұл болашаққа жасалған нақты қадам. Бұл – мемлекет пен қоғамның даму философиясының жаңа деңгейі.

Парламенттің бірлескен отырысында заң жобасының жетекшісі, Экономикалық және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы өз баяндамасында мен ұсынған "жалпыға ортақ дизайн" қағидатын еңгізу бойынша түзетуді атап өткен сәт мен үшін ерекше мәнге ие. Себебі бұл – өз басымнан өткізіп жұрген, өз тағдырластарымның күнделікті шындығын түсіну арқылы келген шешім", – дейді депутат.

Сондай-ақ Ерлан Әбдиев адамның өміріндегі басты құндылық – өз пайдасын сезіну екенін айтып, еңбектің қоғамға нақты пайда әкелуі шынайы бақыт екенін жеткізді.

"Біз кейде үлкен өзгерістерді алыстан күтеміз. Бірақ шын мәнінде, өзгеріс әрқайсымыздың ішкі жауапкершілігімізден басталады. Бір ой, бір ұсыныс, бір қадам ертеңгі күннің бейнесін қалыптастырады.

Елімізде осындай мүмкіндіктердің бар екеніне, өз ойыңды ашық айтып, оны іске асыруға жағдай жасалғанына шексіз шүкір. Алда әлі талай жұмыс бар. Бірақ бүгін тоқтап, жасалған жұмыс нәтижең ішкі миссияңмен үндескен кезеңге айналағанын сезінетін күндердің бірі болып тұр", – дейді Е.Әбдиев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары