Талғар қаласында бала өлтіру және ұрлау ісі бойынша учаскелік инспекторға үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оған салғырттық жасап, қызметінде өтірікке жол бергені үшін 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, лейтенант атағынан айырылды. Сондай-ақ, өтемақы төлеуге міндеттелді.
Еске салайық, қайғылы оқиғадан үш күн бұрын полиция қызметкері әйелдің шақыруымен сол үйге барған. Сол күні әйелдің үйіне мылтық ұстаған ер адам келіп, әйелдің айтуынша, бұған дейін оны зорлаған.
Инспектор қорғау нұсқамасын рәсімдеген, алайда жәбірленушінің қолын қолдан жасаған. Мұны сараптама растап, өзі де мойындаған.