Мәдина Садуақасова Наурыз мерекесіне орай арнайы фотосессия жасатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алайда, ол өз суреттеріне қатысты әртүрлі пікір барын айтты.
"Мынау - Наурызға деп жасаған фотосессиямыз. Бұл образға әртүрлі пікір болды. Стилист пен фотограф "замануи", "өте әдемі" десе, инстағрамға шықпай тұрып суретті көрген адамдар арасында "үйлеспей тұр", тіпті "шығарудың қажеті жоқ" дегендер де бар… Ал мен үшін - қазақы ұлттық нақыштағы детальдары бар кешкі образ", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.