"Өрмекші адам" фильмі тарихтағы ең танымал трейлер атанды. Бейнеролик небәрі 24 сағат ішінде 718,6 миллион қаралым жинап, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осылайша, трейлер бұрынғы көшбасшы Deadpool & Wolverine фильмінің нәтижесін басып озды. Тіпті ойын индустриясындағы алып жоба – Grand Theft Auto VI трейлерінен де асып түсті.
Сарапшылар мұндай көрсеткішті бірнеше фактормен байланыстырады:
– Spider-Man франшизасының жаһандық танымалдығы
– әлеуметтік желілердегі вирустық таралу
– жанкүйерлердің жаңа оқиғаға деген жоғары қызығушылығы
Бұл нәтиже қазіргі медиа нарықта кино мен ойын индустриясының бәсекесі қаншалықты күшейгенін көрсетеді. Бір трейлердің өзі жүздеген миллион аудиторияны бір күнде жинай алатын кезеңге жеттік.