Дарынды оқушылар әлемді таңғалдырды

/
Дарынды оқушылар әлемді таңғалдырды

Оқушыларымыз халықаралық аренада рекорд көрсеткішке жетті. 1 720 оқушы елімізді 30-дан астам халықаралық пәндік олимпиада мен ғылыми конкурста таныстырып, жалпы есепте 1 006 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлемнің ең беделді жеті халық­ара­лық пәндік олимпиадасында Қа­зақ­стан құрамасы 27 медальға ие бол­ды, оның ішінде 4 алтын, 13 күміс жә­не 10 қола жеңіп алды. Робото-техника бойын­ша құрама төрт дүркін әлем чемпионы атанды, химия бойынша команда ха­лықаралық олимпиаданың үш дүркін чемпионы болды, ал ғылыми физика бойынша қазақстандық оқу­шы­лар абсолютті чемпион атанды. География бойынша құра­ма әлемде екінші орынға ие болды, ал Бал­қан математика олимпиадасында Қазақстан екі жыл қатарынан үздік үш­тікке ілінді.
Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев олим­пиа­да жеңімпаздары мен жүл­де­гер­ле­рін Ақордада жеке марапаттады. Жүл­­дегерлер мен олардың тәлімгер­лері­не берілген біржолғы сыйақының жал­пы сомасы 100 миллион теңгеден ас­ты. Олимпиадашыларды мемле­кет­тік ынталандыру тәжірибесі елімізде 2022 жылдан бері Мемлекет басшы­сы­ның бастамасымен жүргізіліп ке­ле­ді, әрі Қазақстан мұндай қолдау жүйе­сі бар әлемнің санаулы мемле­кет­­­тері­нің қатарында.
Президенттің тапсырмасымен ке­лер жылдан бастап мемлекеттік сыйа­қы халықаралық ғылыми кон­курстарда медаль алған оқушыларға да берілетін болады.
Бұл жетістіктер оқушылардың өз дайындығының, ұстаздар еңбегінің жә­не ата-аналар қолдауының арқа­сын­да мүмкін болды, сонымен бірге кең мағынада білім саласындағы жүйе­лі реформалардың нәтижесін көр­сетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары