Алматыда Санжар Боқаев қамауға алынды

Алматыда Санжар Боқаев қамауға алынды

Алматыда Санжар Боқаев ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бүгін, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Алматы қаласының аумағында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен Бокаев Санжар ұсталды.
Бокаев С. жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді.
Тергеу деректеріне сәйкес, Бокаев С. аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.
Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", – делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары