Қазақстанда азаматтардың дербес деректерін қорғау күшейтіледі

/
Қазақстанда азаматтардың дербес деректерін қорғау күшейтіледі
Ukimet

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының нормаларын жүзеге асыру жөніндегі жоспарланып отырған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған норма бекітілгенін атап өтті. Атап айтқанда, Конституцияның 21-бабында «Жеке өмірге қол сұғылмау, жеке және отбасылық құпия, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі» деп көрсетілген.

Осы норманы жүзеге асыру мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті, Қылмыстық кодексті, сондай-ақ дербес деректер және киберқауіпсіздік туралы заңдарды қоса алғанда, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда.

Жұмысты екі негізгі бағыт бойынша жүргізу жоспарлануда. Біріншісі - ұйымдастырушылық-техникалық шаралар. Ол бойынша дербес деректерді қорғаудың заманауи құралдарын енгізу көзделіп отыр, оның ішінде деректерді бүркемелеу және хэштеу тәсілдері  бар.

«Бұл деректерді техникалық тұрғыда қорғауға және рұқсатсыз қол жеткізу кезінде оның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік деректер базасынан деректерді жүктеп алуға шектеу қою жоспарлануда. Ақпараттық жүйелерді интеграциялауға басымдық беріледі, бірақ жекелеген, заңмен қатаң белгіленген жағдайларды қоспағанда, мәліметтерді жүктеп алуға тыйым салынады», — деп түсіндірді Жаслан Мәдиев.

Министр мемлекеттік органдар да, жеке сектор да өңдейтін дербес деректерді ретке келтіру және есепке алу үшін келесідей  тетік құрылатынын айтты:

  • сыныптарға бөлінген Дербес деректер операторларының тізілімі,
  • Сенімді шетелдік ақпарат алушылар тізілімі. Бұл тұста кибермәдениет деңгейін одан әрі арттыра түсуге ерекше назар аударылатын болады.

Екінші бағыт – жауапкершілікті арттыру. Пайдаланушылар алдындағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыру үшін операторлар: дербес деректердің тарап кету фактілері туралы уәкілетті органға да, азаматтардың өзіне де хабарлауға, сондай-ақ дербес деректерді өңдеудің басталғаны туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

Бұдан басқа, дербес деректердің жаппай тарап кеткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және әкімшілік айыппұл шегін 5000 АЕК-ке дейін арттыру қарастырылуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар