442
Браконьерлерге қарсы күрес күшеймек
Браконьерлерге қарсы күрес күшеймек
Елімізде заңсыз аңшылықпен күрес күшейтілмек, – деп хабарлайды Астана арнасы.
Мұндай бастаманы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі қолға алмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.
Қазір браконьерлік фактісімен ұсталғандар әкімшілік жазға тартылып, айыппұл төлеп құтылады. Бұл ретте министрлік айыппұл көлемін көтеріп, аңшылардың қару-жарағын тәркілеу туралы ұсыныс білдіріп жатыр. Қазір бұл бастама парламент қарауына жіберілген.
«Браконьерлік көрсеткіші елімізде азаймай тұр. Әсіресе заңсыз балық аулау көп тіркеледі. Сондықтан осындай бастама көтеріп отырмыз. Егер біз ұсталған браконьерлерге айыппұл салып, қару-жарағы мен қайығын қайтарып берсек, ол заңсыз әрекетін қайталамасына кім кепіл?!», – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов.