Смартфонға көп қарау тамақты шамадан тыс көп жеуге ықпал етеді – зерттеу

/
Смартфонға көп қарау тамақты шамадан тыс көп жеуге ықпал етеді – зерттеу
сурет: istockphoto.com

King’s College London жанындағы Психиатрия, психология және нейроғылымдар институтының ғалымдары смартфонды көп пайдаланатын жасөспірімдер арасында тамақтану тәртібінің бұзылуы жиірек кездесетінін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу нәтижелері Journal of Medical Internet Research журналында жарияланған. Ғалымдар 52 мыңнан астам адам қатысқан 35 ғылыми жұмысты талдап, орташа жасы шамамен 17 жас болатын жастарды зерттеген.

Нәтижесінде смартфонды шамадан тыс қолдану мен бақылаусыз және эмоциялық артық тамақтану арасында байланыс бар екені анықталған. Мұндай белгілер бұрын тамақтану бұзылысы диагнозы қойылмаған жастарда да байқалған.

Сонымен қатар зерттеуге қатысушылар арасында өз сырт келбетіне көңілі толмау және сыртқы бейнеге байланысты алаңдаушылық жиі тіркелген.

Зерттеушілердің айтуынша, мәселе смартфонның өзінде емес. Негізгі әсер ететін фактор – әлеуметтік орта, әсіресе әлеуметтік желілер. Жасөспірім кезеңде өзін-өзі бағалау қалыптасатындықтан, идеалданған бейнелердің үздіксіз ағыны өз-өзін басқалармен салыстыруды күшейтеді. Бұл өз кезегінде дене бейнесіне қанағаттанбауға және тамақтану әдеттерінің өзгеруіне ықпал етеді.

Мамандар мұндай тәуекелдерді азайту үшін экран уақытын бақылап, әлеуметтік желідегі контентке сыни көзқарас қалыптастыру маңызды екенін атап өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары