139 жылдық құпия: ғалым Coca-Cola сусыны қалай жасалатынын жария етті

/
139 жылдық құпия: ғалым Coca-Cola сусыны қалай жасалатынын жария етті
сурет: istockphoto.com

Әлемдегі ең құпия рецепттердің бірі саналатын Coca-Cola сусынының құрамы ашылуы мүмкін. Зак Армстроң есімді зерттеуші әйгілі формуланың баламасын жасап шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz msn.com-ға сілтеме жасап.

Ғалымның айтуынша, сусынның негізгі бөлігі – қант. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, коланың құрамының 99 пайыздан астамы тәтті дәм беретін қоспалардан тұрады. Қалған аз бөлігі - сусынға ерекше дәм беретін «табиғи хош иістендіргіштер».

Бұл құрамды анықтау үшін зерттеуші бір жылдан астам уақытын тәжірибелерге арнаған. Ол масс-спектрометрия әдісін пайдаланып, сусынның химиялық құрамын талдаған. Соның нәтижесінде дәм беретін негізгі компоненттер анықталған.

Зерттеушінің нұсқасына сәйкес, Coca-Cola дәмі әртүрлі эфир майларының нақты үйлесімінен тұрады. Олардың қатарында лимон, лайм, апельсин, кориандр, даршын және мускат жаңғағы майлары бар. Сонымен қатар сусынға ерекше реңк беретін fenchol атты табиғи қосылыс та қолданылған.

Бастапқыда байқалмаған маңызды элементтердің бірі – таниндер. Бұл заттар шай мен кофеде кездеседі және сусынға жеңіл ащылау дәм береді. Ғалым дәл осы компонент коланың дәмін түпнұсқаға барынша жақындатқанын айтады.

Дегенмен сарапшылар түпнұсқа формуланы толық қайталау әлі де мүмкін емес екенін атап өтеді. Себебі Coca-Cola құрамындағы кока жапырағының арнайы сығындысын тек Stepan Company ғана заңды түрде өндіреді және ол көпшілікке қолжетімді емес.

Соған қарамастан, зерттеуші жасаған нұсқа дәмі жағынан түпнұсқаға өте ұқсас екенін айтады. Алайда ол мұндай тәжірибелер кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызды екенін ескертті, өйткені кейбір химиялық заттар сұйылтылмаған күйде зиян болуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары