Қазақстанның Азаматтық Альянсы республикалық референдум жай ғана дауыс беру науқаны емес, ұлттық бірліктің шынайы көрінісіне айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Сайлаушылардың 73 пайыздан астамының қатысуы және азаматтардың шамамен 90 пайызының Конституцияның жаңа редакциясын қолдауы — бұл жай ғана статистика емес.
Бұл — халық еркінің тікелей көрінісі әрі әрбір азаматтың Әділетті Қазақстанды құруға деген саналы ұмтылысы", – делінген жазбада.
Сондай-ақ Азаматтық Альянс үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне, қоғамдық белсенділер мен волонтерлерге ризашылығын білдірді.
"Сіздер ауқымды жұмыс атқардыңыздар: еліміздің әрбір өңірінде, қаласы мен ауылында ашық диалог жүргізіп, азаматтарға конституциялық реформалардың мәні мен маңызын терең түсінуге ықпал еттіңіздер.
Сіздердің қажыр-қайраттарыңыз бен кәсібиліктеріңіз осы референдумның шынайы «үніне» айналды.
Үдерістің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде тәуелсіз байқаушылар мен сарапшылардың рөлі ерекше болды. Дәл сіздердің ұстанымшылдықтарыңыз бен ашықтыққа негізделген жұмыстарыңыз дауыс беру нәтижелеріне деген жоғары қоғамдық сенімнің берік негізін қалыптастырд. Жаңартылған Конституция — бұл біздің жаңа қоғамдық келісіміміз. Бұл — үлкен жолдың бастауы. Біз азаматтық қоғам өкілдерін қабылданған нормаларды іске асыру жолында осы жасампаз күш-қуатты сақтауға шақырамыз. Әрқайсыңызға азаматтық батылдықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және құқықтық мемлекетімізді дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!", – делінген жазбада.