Еуразия Жазушылар Одағының құрылғанына 20 жыл және Др. Якуп Өмероғлуның туғанына 60 жыл толуына орай VIII Махмұт Қашқари атындағы халықаралық әңгіме байқауы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түркі әлеміндегі ортақ әдеби жобалардың бірі саналатын бұл байқау жас және кәсіби қаламгерлерді қолдау, түркі халықтарының әдеби байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Қатысушылар еркін тақырыпта жазылған шығармаларын 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылдау комиссиясына жолдай алады. Жүлдегерлер тізімі 2026 жылдың 20 қазанында жарияланады. Ал марапаттау рәсімі 2026 жылдың 8 желтоқсанында онлайн немесе офлайн форматта өткізіледі.
Байқаудың жүлде қоры:
І орын – 45 000 түрік лирасы
ІІ орын – 25 000 түрік лирасы
ІІІ орын – 15 000 түрік лирасы
Ынталандыру сыйлығы – 10 000 түрік лирасы
Байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған түпнұсқа әңгімелер қабылданады. Қатысушылар екі әңгімесін жолдай алады. Әр әңгіменің көлемі 1 000-7 500 сөз аралығында болуға тиіс.
Шығармалар бүркеншік атпен жіберіліп, автор туралы мәліметтер (жеке куәлік көшірмесі, толық мекенжайы, ел атауы, фотосы және өмірбаяны) бөлек Word құжаты түрінде тіркелуі қажет.
Әңгімелерді kmahmut2026@gmail.com электрондық поштасына жолдау қажет.
Байқау туралы толық ақпаратты www.ayb.org.tr сайтынан оқи аласыздар.