Таразда кешкі уақытта да дауыс берушілер саны көп – бақылаушы

Таразда кешкі уақытта да дауыс берушілер саны көп – бақылаушы

Тараз қаласындағы №495 референдум учаскесінде дауыс беру процесі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Мұнда «AMANAT» партиясының байқаушысы Тотай Сұлтанбек Кенжебайұлы дауыс беру барысын бақылауда, деп хабарлайды turkystan.kz.

«№495 учаскеде дауыс беру заң талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкес өтіп жатыр. Кешкі уақытқа қарамастан, сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Бақылау барысында қандай да бір заң бұзушылықтар тіркелген жоқ», – деді ол.

Байқаушының айтуынша, қазіргі уақытта учаскеде 1100-ге жуық азамат дауыс берген. Сонымен қатар учаске маңында киіз үй тігіліп, ұлттық киім киген сайлаушылардың келуі референдум күніне ерекше ұлттық сипат беріп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар