Шымкенттегі референдум учаскелерінде ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды

Шымкенттегі референдум учаскелерінде ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды

Шымкенттегі референдум учаскелерінде ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мегаполисте 300-ден аса референдум учаскесінде таңғы 9:00-ден бастап ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды. Дауыс берушілер асық атып, гір тасын көтеріп, ләңгі теуіп секірді.

Бұл ерекше шара сайлауға келген тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, дауыс беруді жағымды әрі есте қаларлық оқиғаға айналдырды. Учаске мүшелері ойындар мен дауыс беру процесін қатар жүргізіп, барлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары