Кипрде алғаш рет учаске ашылды

/
Кипрде алғаш рет учаске ашылды
сурет: СІМ

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары республикалық референдумға белсенді қатысып жатыр. Қазір қазақстандықтар Еуропаның бірқатар елдеріндегі референдум учаскелерінде дауыс беруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz СІМ-ге сілтеме жасап.

Атап айтқанда, азаматтар Болгария, Грекия, Латвия, Литва, Румыния, Финляндия, Эстония, Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Нидерланд, Норвегия, Польша, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия, Молдова, Швейцария, Швеция, Ұлыбритания және Португалия аумағындағы референдум учаскелерінде өз таңдауларын жасап жатыр.

Сонымен қатар Кипр Республикасында жүрген Қазақстан азаматтары үшін алғаш рет референдум учаскесі ашылды. Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Елшілігі жанынан №511 референдум учаскесі жұмысын бастады, бұл елде тұратын қазақстандықтардың дауыс беруіне мүмкіндік берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар