Атырауда республикалық референдум күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлер өздері өндірген ет, сүт өнімдері, көкөніс, бақша өнімдері және басқа да азық-түліктерді тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынды.
Іс-шараның басты мақсаты – референдумға дауыс беруге келген тұрғындарға сапалы әрі табиғи өнімдермен қамтамасыз ету, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және мерекелік күннің көркін арттыру.
Республикалық референдум аясында ұйымдастырылған жәрмеңке 34 сайлау учаскесінде, сондай-ақ «Сарайшық» коммуналдық базары мен «Мұнайшы» стадионының алдында өтуде. Оған 136 қала кәсіпкері қатысуда.
Сондай-ақ ашық сауда алаңы аудандарында да көрініс табуда. Құрманғазы ауданында С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің алаңында, Махамбетте Нарын базарының алдын да болса, Индер ауданында Жастар орталығының ғимаратының алдында өтуде. Ал Жылыойда аудан орталығында және Жаңа Қаратон кенті мен 5 ауылдық окруште жәрмеңке ұйымдастырылды. Қызылқоға, Исатай, Мақат аудандары да белсенділік танытып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіп жатыр.