Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері референдумда дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алма Тау» спорттық базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалған жоқ. Спортшылар Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 учаскеге арнайы келіп, азаматтық борышын орындап, өз таңдауын жасады.
Спортшылардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды. Сондықтан олар халықпен бірге ел болашағына жауапкершілікпен қарап, референдумға қатысуды азаматтық парыз деп санайтынын жеткізді.