Өскеменде ұландықтар ғасырдан асқан соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Өскеменде ұландықтар ғасырдан асқан соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Өскеменде Ұлттық ұланның 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының 103 жастағы ардагері Анастасия Светочеваның үйіне барып, Көрісу күнін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара барысында 3477 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Ансар Шакенов пен әскери бөлімнің әйелдер кеңесінің мүшелері кейуананың  шаңырағына барып, мерекелік лебіздерін жеткізді.

"Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының бастауына айналған Көрісу күнінің тарихы тереңде жатыр. Қыстан аман шыққан бабаларымыз туған-туысын, жақындарын іздеп, сағына көрісетін болған.  Ал  Ұлттық ұлан жауынгері үшін артта қалған ұрпағы үшін жанын шүберекке түйіп майданға аттанған ардагерлердің орыны қашанда бөлек. Сондықтан біз  ғасырдан майдангермен көрісуді жөн санадық, – дейді  3477 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Ансар Шакенов.

Әскери меймандар ардагерге гүл шоқтарын табыстап, иығына камзол жауып, ән шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мұндай құрмет пен ықылас ардагер үшін ерекше әсер қалдырды. Анастасия Светочева өз кезегінде Көрісу күнімен арнайы келіп құттықтаған әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары