Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 наурыз күні Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткізілген республикалық референдумға қатысты.
Басқарма Төрағасы Алматы қаласының учаскелерінің бірінде өз таңдауын жасады.
Дауыс бергеннен кейін Мереке Құлкенов референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
Референдум – азаматтарға өз пікірін білдіруге және мемлекеттің болашағын айқындайтын шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық тетік. Сондықтан әрбір қазақстандықтың азаматтық жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасауы маңызды, – деді М. Құлкенов.