Референдум: Шетелдегі 71 учаске өз жұмысын бастады

Референдум: Шетелдегі 71 учаске өз жұмысын бастады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне орай және азаматтарымыз санының төмен болуына байланысты, 10 елдегі 11 учаске ашылмайды (Иран, Израиль, Иордания, Қатар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия). Шетелдегі дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны 14 380 адам.

Референдум учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-де Токио және Сеул қалаларында басталды. 08:00-ге дейін жалпы 23 референдум учаскесі ашылып, оларға келіп дауыс бергендер саны 198 адамды құрады. Ең соңғы ашылып, жабылатын референдум учаскесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан. Бұл учаске Астана уақытымен бүгін сағат 19:00-де ашылады және 16 наурызда сағат 08:00-де жабылатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары