Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, «World Boxing» ұйымының президенті Геннадий Головкин жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы #453 референдум учаскесіне келді.
Геннадий Головкин азаматтардың ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, республикалық референдумның мемлекеттің одан әрі дамуы мен нығаюындағы рөліне назар аударды.