Мемлекет басшысына Әнұранымызды шырқатамын деп сөз бергенмін - Ербол Хамитов

/
Мемлекет басшысына Әнұранымызды шырқатамын деп сөз бергенмін - Ербол Хамитов

Милан Паралимпиадасында пара биатлоннан Қазақстанға тарихи алтын жүлдені алып берген Ербол Хамитов жарыстан кейінгі эмоциясын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Паралимпиада чемпионы болу - менің арманым болған. Екі ай бұрын Мемлекет басшысына Әнұранымызды шырқатамын деп сөз берген едім. Өзім үш-төрт ай бұрын күнделігіме "Бұйырса, чемпион боламын немесе тым болмаса қола жүлде иеленемін" деп жазған едім. Сол арманға жеттік. Мұнымен босансымаймын. Келесі Паралимпиадаға дайындаламыз. Рахмет бәріңе! Алға, Қазақстан!", - деді спортшы.

Сондай-ақ ол өзін жас спортшылар үлгі ете бастағанын, оларға өнеге көрсету үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

"Бұл жолы жоспарым іске асып, барлығы дайындықта ойластырғанымдай болды. Бапкерлеріме орнықты жоспар құруға көмектескені үшін және қолдау білдірген Қазақстан халқына алғысым шексіз. Жас спортшыларға үлгі болу - мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Алдымен келесі жылы болатын Әлем чемпионатына дайындаламыз. Көп сөз айтпаймын", - деді Ербол Хамитов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар