"Уытын шашып жүретін" адамдар өміріңізді қысқартуы мүмкін

/
"Уытын шашып жүретін" адамдар өміріңізді қысқартуы мүмкін
сурет: istockphoto.com

Америкалық ғалымдар жүргізген зерттеу көрсеткендей, сізге жайсыздық пен жағымсыз сезім туғызатын адамдар созылмалы стресстің артуына және жасқа байланысты биомаркерлер деңгейінің жоғарылауына себеп болады. Зерттеу нәтижелері Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдар 2 мыңнан астам қатысушының деректерін талдады. Олар өздерінің әлеуметтік байланыстары мен денсаулық жағдайы туралы мәлімет берді. Алынған деректер сілекей үлгілерімен салыстырылып, биологиялық қартаю деңгейі анықталды.

Зерттеу барысында әрбір қосымша стресс факторы қартаю жылдамдығын 1,5%-ға арттыратыны белгілі болды, яғни адам бір жылда 1,015 биологиялық жасқа қартаяды.

Сондай-ақ әйелдер еркектерге қарағанда жиі "уытты" адамдармен қарым-қатынасқа тап болатынын мәлімдеген. Бала күнінде келеңсіз жайттарды бастан өткізгендер мен денсаулығы нашар адамдар да қарым-қатынасқа байланысты созылмалы стресске бейім екені анықталды.

Жанжалды жиі тудыратындардың арасында ата-аналар мен балалар, сондай-ақ әріптестер мен бөлмелестер жиі кездеседі. Ғалымдар мұны бір ортақ кеңістікті бөлісуден туындайтын стресспен түсіндіреді.

Зерттеушілердің кеңесі:
    ∙    Жүйкеңізді жұқартатын адамдардан қашық болыңғыз немесе қарым-қатынасты үзіңіз
    ∙    Психологпен бірге қарым-қатынасты талдаңыз
    ∙    Өзіңіздің жеке шекараларыңызды анықтап, орнатыңыз

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары