Президент: Ел тағдырына әсер ететін тарихи шешім қабылдау кезінде енжар, жігерсіз, жауапсыз болсақ – кейінгі ұрпақ бізді кешірмейді

Президент: Ел тағдырына әсер ететін тарихи шешім қабылдау кезінде енжар, жігерсіз, жауапсыз болсақ – кейінгі ұрпақ бізді кешірмейді
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында мемлекеттің шынайы кемелдігі азаматтардың, заң мен өскелең ұрпақтың алдындағы жауапкершілігінен айқын көрінетінін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан айтылған барлық теріс болжамдарға қарамастан, халқымыздың табанды еңбегінің арқасында халықаралық абырой-беделі зор күшті мемлекет ретінде қалыптасты. Бірақ, күшті, мықты ел болу жеткіліксіз. Мемлекеттің шынайы кемелдігі азаматтардың, заң мен өскелең ұрпақтың алдындағы жауапкершілігінен айқын көрінеді. Мықты мемлекет тірек болады, ал жауапты мемлекет ертеңгі күнге деген сенімді күшейтеді. Күш пен жауапкершілік үйлесім тапқанда ғана мемлекет озық әрі қарқынды даму жолына түседі. Кейінгі ұрпақ біздің олқылықтарымызға түсіністікпен қарауы мүмкін, бірақ ел тағдырына әсер ететін тарихи шешім қабылдау кезінде енжар, жігерсіз, жауапсыз болсақ, олар бізді ешқашан кешірмейтіні сөзсіз. Дәл қазір біздің алдымызда кемел санамен, зор жауапкершілікпен тағдырлы таңдау жасау міндеті тұр», – дейді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар