Мәтіні ғана емес, мәні-мағынасы өзгерді: Президент жаңа Ата Заңда сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміздің көрініс тапқанын айтты

Мәтіні ғана емес, мәні-мағынасы өзгерді: Президент жаңа Ата Заңда сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміздің көрініс тапқанын айтты
Ақорда

Президент Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында жаңа Конститциядағы басты қағидаттарға тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жаңа Ата заңымызда Тәуелсіздікті, егемендікті және аумақтық тұтастықты қорғау басты қағидаттар ретінде көрсетілгеніне тағы да тоқталғым келеді. Бұл ережелерді қайта қарауға, басқаша тәпсірлеуге болмайды. Яғни ол мүлдем өзгермейді. Осындай негізгі ережелермен қатар, Ата заң жобасында ұлттық валютаның мәртебесі айқындалды. Бұл – мән-маңызы зор норма. Төл валютаның Елтаңба, Ту және Әнұранмен қатар тұруы бекер емес. Бұл жаңашылдық егемендікті, соның ішінде қаржылық дербестікті құқықтық тұрғыдан қорғауды көздейді. Мына нәрсені атап өткім келеді: Қазақстан халқы биліктің бастауы және егемендіктің иесі саналады. Осы ереже Конституция жобасында жаңа норма ретінде нақты бекітілді. Бұл – жаңа Ата заң мемлекеттігіміздің тұғырын нығайта түседі деген сөз. Мұның, әсіресе, геосаяси ахуал құбылып, тұрақсыздық орнап, ұлттық қауіпсіздікке сын-қатерлер төнуі мүмкін кезеңде маңызы зор. Ата заңның мәтіні ғана емес, мәні мен мағынасы өзгерді. Онда сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз, мақсат-мұраттарымыз бен мызғымас құндылықтарымыз нақты көрсетілді», – дейді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар