Астанада тұрғын үй қабырғасының сыртқы қабаты құлады

/
Астанада тұрғын үй қабырғасының сыртқы қабаты құлады

11 наурыз күні шамамен сағат 17:00 шамасында Астанада қатты желдің әсерінен тұрғын үйдің қасбетінің бір бөлігі опырылып құлады. Оқиға 2015 жылы қолданысқа берілген «Айка» тұрғын үй кешенінде тіркелді., деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Politico.kz сайты ақпарат таратты.

Күшті желдің әсерінен ғимараттың сыртқы жылу оқшаулағыш қабаты (утеплитель) ажырап кеткен. Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.Қазіргі уақытта тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясы қалпына келтіру жұмыстарының құнын есептеп жатыр. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірістік альпинистерді тарту мәселесі қарастырылуда.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау пәтер иелерінің міндеті екенін еске салды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 34-бабына сәйкес, кондоминиумның ортақ мүлкіне қасбет, кіреберістер, дәліздер, баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатыр, кіреберіс маңындағы шатырлар, шатыр асты, техникалық қабаттар, жертөлелер және жалпы үйге ортақ инженерлік жүйелер жатады.

Қазір оқиға бойынша жағдай бақылауда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар