"Ұлымның медаль әкелетінін сездік": Ербол Хамитовтың анасы жанкүйерлерге алғыс білдірді

/
"Ұлымның медаль әкелетінін сездік": Ербол Хамитовтың анасы жанкүйерлерге алғыс білдірді

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында шаңғы жарысынан (отырып жарысу) қола жүлдегер атанған Ербол Хамитовтың анасы Ғалия Алпысбаева журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол ұлының жарысын тікелей эфирден тамашалаған.

"Ербол жарыс нәтижесін айтпай тұрып, біз оның үшінші орында келе жатқанын тікелей эфирден көріп отырдық. Бапкерлеріне, жанкүйерлеріне рахмет айтамын. Ерболдың медаль әкелетінін бәріміз сездік", - деді Ғалия Алпысбаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар