Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі Арыстанның баласы Салтайдың барлық шығындарын өз мойнына алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Махаббат... Бүгін Салтайдың әкесі хабарласты... Өткен-кеткенге кешірім сұрады... Балаға Әке болып, қамқор боламын деді... Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтты... Кештім... Алла үшін... Ұлым үшін... 10 жылға созылған ренішім сейілгендей... Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім - сіздерге рақмет», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Еске салсақ, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы Арыстан есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан еді.