Маңғыстауда танысынан ақша бопсалап, пышақтаған күдікті сотталды

/
Маңғыстауда танысынан ақша бопсалап, пышақтаған күдікті сотталды
istockphoto.com

Маңғыстау аудандық сотында күдікті И-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы И. 2025 жылғы 17 желтоқсанда Мұнайшы ауылында орналасқан көлік жуу орталығында жәбірленуші А-дан ақша сұраған. Жәбірленуші А. ақша жоқ екенін айтқаннан кейін, сотталушы И. қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, азаматтарға күш қолдану қатерін төндіріп, ас үй пышағын оң қолына алып, жәбірленуші А-ның сол жақ сан тұсына бір рет соққы жасап, дене жарақатын салған.

Жәбірленуші А. сотта материалдық және моральдық залалдың толық өтелгенін айтып, сотталушыға қоятын талабы жоқ екенін мәлімдеп, оған бас бостандығынан айыру жазасына қарағанда жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәні толық мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының кінәсін мойындауын, шын ниетпен өкінетіндігін, асырауында кәмелетке толмаған баласының барын таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен И. ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар