Ресейде чипс, фаст фудқа салық салынуы мүмкін

/
Ресейде чипс, фаст фудқа салық салынуы мүмкін
сурет: istockphoto.com

Ресейде чипс, түрлі снектер мен фастфуд сияқты зиян тағамдарға қосымша салық енгізу ұсынысы талқыланып жатыр. Бастама үкіметке жолданған. Оның авторлары мұндай шара елдегі семіздік деңгейінің өсуін тежеуге көмектесуі мүмкін деп есептейді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Идеяның пайда болуына соңғы жылдары тіркелген алаңдатарлық статистика себеп болған. Мәліметтерге қарағанда, Ресейде «семіздік» диагнозы қойылған адамдар саны айтарлықтай артқан. Жыл сайын бұл диагноз жүздеген мың адамға алғаш рет қойылады.

Бастама авторларының пікірінше, егер жоғары калориялы тағамдар қымбаттаса, тұтынушылардың бір бөлігі тамақтану рационына мұқият қарай бастайды. Әзірге бұл нақты шешім емес, тек талқылауға ұсынылған бастама екені айтылды.

Дегенмен мәселе қоғамда қызығушылық тудырып отыр. Өйткені чипсы, газдалған сусындар, фастфуд және басқа да жылдам тағамдар әсіресе ірі қалаларда тұратын адамдардың күнделікті мәзіріне айналған.

Бастаманы қолдаушылар мұндай салық тек зиянды тағам тұтынуды азайтып қана қоймай, дұрыс тамақтану мен аурулардың алдын алу мәселесіне назар аудартуы мүмкін дейді. Сонымен қатар бағаның өсуі өндірушілерді өнім құрамын қайта қарауға және пайдалы баламалар ұсынуға итермелеуі ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар