Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры қарсаңында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға мыңдаған жанкүйер жиналып, үлкен спорттық мерекенің куәсі болуда, деп хабарлайды turkystan.kz.
Концерт барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар стадионда жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын насихаттайтын баннерлер орналастырылып, заң үстемдігі, әділетті қоғам, азаматтардың тең құқығы және мемлекет пен халықтың бірлігі туралы мазмұнды үндеулер көрсетілуде.
Мерекелік бағдарлама жанкүйерлерді алдағы «Ордабасы» – «Ертіс» ойынына дайындап, стадиондағы атмосфераны қыздыра түсті. Матчты тамашалау үшін стадионға мыңдаған жанкүйер жиналды.


