Өзбекстанға тасымалданатын ауыл шаруашылық өнімдеріне акциздік салық төмендеді

Өзбекстанға тасымалданатын ауыл шаруашылық өнімдеріне акциздік салық төмендеді

Өзбекстанға тасымалданатын ауыл шаруашылық өнімдеріне акциздік салық төмендеді
ашық дереккөзі
435
2017 жылғы 31 наурыздағы «Өзбекстан Республикасының алдағы уақыттағы сыртқы экономикалық жұмысын реттеу шаралары туралы» қаулысына сәйкес 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап Өзбекстан импорттық ауылшаруашылығы өнімдеріне акциздік салықты төмендетті. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, қабылданған шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың наурыз айындағы Өзбекстанға ресми сапарының жемісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін қазақстандықтар үшін, Өзбекстан нарығына шығуға қолайлы жағдай жасалды. Макарон өнімдеріне акциздік салық жойылды (бұрын 30 және 50 пайыз болатын). Өзбекстанға тасымалданатын ауылшаруашылық өнімдеріне акциздік салық төмендеді: 55 пайыз бидай ұнына (11-ден 5 пайызға дейін), мақсары мен күнбағыс майына 2 есе; (20-дан 10 пайызға дейін), сірке суы қосылмаған консервіленген көкөністерге 5 есе (50-ден 10 пайызға дейін), жеміс және көкөніс шырындарына 2,3 есе (70-тен 30 пайызға дейін), дайын тұздық пен тұздық дайындауға 2,8 есе ( 70-тен 25 пайызға дейін, қызанақ кетчубы мен майонезден басқа). 2016 жылы Өзбекстанға Қазақстаннан эксортталған ауыл шаруашылығы  өнімдері 426,9 миллион долларды құрады (90 тауарлық тізбек бойынша). Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан Өзбекстанға 1725,2 мың тонна бидай,  4,7 млн тонна ұн, 96 мың тонна күнбағыс тұқымын, 10,2 мың тонна өсімдік майын және 51 мың тонна картопты экспортқа шығарды.  

Серіктес жаңалықтары