"Астана Опера" театрының ұжымы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті

"Астана Опера" театрының ұжымы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті

"Астана Опера" театрының ұжымы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті
ашық дереккөзі
«Астана Опера» театрының ұжымы бір күндік еңбекақысын Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау қорына аударды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.  «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын аударды. Мұнымен қатар, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде Астана қаласы  «Жас Отан» жастар қанаты жанынан құрылған Қоғамдық штаб жұмысын бастады. Театр қызметкерлері өз үлесін қосып, штабқа осындай ауыр жағдайдан зардап шеккендерге қажет азық-түлік пен киім-кешек жеткізді.