Дубайда қалған Жанболат пен Жазираны елшілік өкілдері арнайы ұшаққа отырғызбай қойған

/
Дубайда қалған Жанболат пен Жазираны елшілік өкілдері арнайы ұшаққа отырғызбай қойған

Бұл туралы әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Себебі, арнайы ұшаққа алдымен аяғы ауыр әйелдер, 1–2 санаттағы мүгедектігі бар азаматтар, 5 жасқа дейінгі балалар және қарттар отырғызылуы керек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Біздің амандығымызды тілеп, алаңдап хабарласып жатқан барша жанға шын жүректен алғыс айтамыз. Дайрект пен WhatsApp желісіне келген көптеген хаттарға жауап ретінде сторисқа қысқаша видео жариялаған едім. Ол видео түрлі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кетіпті. Ешкімді уайымдату ниетіміз болған жоқ, тек жағдайымызды сұрап жатқандарға жауап ретінде салған 1 ғана сторис еді. Қазіргі сәтте біз Оман мемлекетінің Маскат қаласына өттік. Елшілік өкілдерінің мәліметінше, елден жіберілетін арнайы ұшақтарға аяғы ауыр әйелдер, 1–2 санаттағы мүгедектігі бар азаматтар, 5 жасқа дейінгі балалар және қарттар отырғызылады екен. ЗАҢ СОЛАЙ ЕКЕН! Біз алты адамбыз және бұл санатқа кірмейміз. Сондықтан әзірге өзге елдер арқылы ұшу мүмкіндіктерін күтіп отырмыз", - деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол елде жоспарланған концерттерін кейінге шегергенін мәлімдеді.

"Елімізде жоспарланған мемлекеттік және жеке концерттерімізге билет алған көрермендерден кешірім сұраймыз. Егер сіз билет алған концертке, үлгермей жатсақ аман-есен жеткен соң басқа күнге ауыстырамыз. Бізге тілегендеріңізді, өздеріңізге де тілейміз. Жақсылықта қауышайық", - деді Жазира Байырбекова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары