Астана қаласының іргесінде болған қайғылы оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді

/
Астана қаласының іргесінде болған қайғылы оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді

Чаттардағы хабарламалардан Ақмола облысында сұмдық қылмыс болғаны белгілі болды. Көршілердің айтуынша, Жібек жолы ауылының тұрғыны өз отбасы мүшелерін аса қатыгездікпен өлтірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Мәйіттердің бөлшектеліп, бақша аумағына шашылып тасталғаны хабарланады. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс психикалық дертпен байланысты болуы мүмкін. Біз оқиға орнына бардық — қазір ол аумақ толық қоршауға алынған. Полиция әзірге бұл ақпаратты растамай да, жоққа да шығармай да отыр", - деп жазды Тengrinews.kz сайтының тілшісі.

Дегенмен полиция оқиғаға қатысты пікір білдірген.

"Жібек Жолы ауылында кісі өлтіру фактісіне байланысты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде әртүрлі жорамалдар мен шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Полиция қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп жазылған Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Айта кетейік, полиция азаматтарды ақпараттың тек ресми дереккөздеріне ғана сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар