Өскеменде шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешені өкілдері конституциялық өзгерістерді қолдады

Өскеменде шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешені өкілдері конституциялық өзгерістерді қолдады
Жалпыұлттық коалиция

Өскемен қаласы Орталық мәдениет үйінде «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешені өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұлықбек Тұмашинов пен Сергей Пономарев, Өскемен қаласы бойынша коалиция төрағасының орынбасары Сергей Коротин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қатысты.

Кездесу барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрақты құқықтық ортаны құрудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасының инвестицияларды қорғауды күшейтуге, сот жүйесіне сенім арттыруға және тұрақты экономикалық дамуға жағдай жасауға бағытталғанын айтты.

«Кәсіпкер ойын ережелерінің кенеттен өзгермейтініне, инвестицияларының қорғалатынына, сот жүйесінің дауларды әділ әрі ашық шешетініне сенімді болуы қажет. Тек осындай жағдайда ғана ұзақмерзімді стратегиялар жасалып, жаңа жұмыс орындары ашылады, өндіріс дамиды. Сондықтан 15 наурыздағы референдум – осы қағидаларды конституциялық деңгейде бекітетін тарихи мүмкіндік. Жаңа Конституция жобасында меншік құқығын қорғау кепілдіктері күшейіп, заңдардың күші кері қолданылуына тыйым салынады, мемлекеттік басқарудың айқын әрі жауапты жүйесі қалыптасады. Бұл кәсіпкерлік үшін тәуекелдерді азайтса, ел үшін тұрақтылықты нығайтады, әр азамат үшін болашаққа сенімділік береді», – деп атап өтті Аида Балаева.

Үкімет басшысының орынбасары «Заң және тәртіп» қағидаты шынайы бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал ететінін де сөз етті.

«Заң және тәртіп» қағидаты адал бәсекелестік ортасын құрмақ, онда заңды бизнес қорғалыа, ал жасырын әрекеттер әшкереленеді. Әдл ережелер – кәсіпкердің басты серігі. Мемлекет басшысы «еңбек адамының» маңызын бекер атап өтпеді. Кәсіпкерлермен шаруалар – тәуекелге бел буып, жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтитын, елдің экономикалық күшін қалыптастыратын адамдар. Жаңа Конституция экономикалық бастаманы қолдауға және сонымен бірге заңға, қоғамға, келешек ұрпаққа деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Қуатты экономиканы қуатты мемлекетсіз құру мүмкін емес. Ал қуатты мемлекетте сенім, әділдік және еңбекке құрмет басты құндылықтар болып саналады. Бүгінде Қазақстанның болашағы – тұрақты, бәсекеге қабілетті және өз күшіне сенімді ел болатыны бізге байланысты», – деді Аида Балаева.

Сонымен қатар, кездесуде реформаның тәжірибелік жағы да сөз болды.

«Көп жыл бойы ауыл шаруашылығы «қауіпті» саналды Біз құрғақшылықпен, бағамен және бюрократиямен күрестік. Енді елдің Ата заңы халыққа азық беретін адамдардың мүдделерін басты орынға қояды. Конституцияда жер мен ресурстардың халыққа тиесілі екені анық көрсетілген. Шаруалар үшін бұл мемлекет жерлерді қорғауға, Жайылымдарды тозудан қорғау, суару жүйелерін қалпына келтіру және шөлейттенуге қарсы күресу мәселелері де қамтылған. Сондай-ақ заңдарды өткен күнмен қолдануға тыйым салу нормасының бекітілуі де өте маңызды. Бұл – техникаға несие алған кезде немесе инфрақұрылым салғанда ертең заңдар өзгеріп, қабылданған шешімдер қайта қаралып кетпейтініне кепіл болатын құқықтық қорғанымыз. 15 наурызда біз ұжым болып елдің жаңа болашағына бағытталған осы бастаманы қолдаймыз», – деді Людмила Цыбенко.

Кездесуде қатысушылар экономикалық және салалық мәселелермен қатар, реформалардың құндылықтарына да тоқталды. Атап айтсақ, жауапкершілікке шақыру, азаматтық қатысудың деңгейін арттыру және оны құру мәдениеті талқыланды «SAMGA» дамыту орталығының жетекшісі Әлия Көңілхан ел үшін тек экономикалық даму емес, сонымен бірге адамгершілік құндылықтар, берік отбасы және болашаққа деген жауапкершілік маңызды екенін атап өтті.

«NIETWOMAN» ҚҚ төрайымы Алтынай Төлеухан референдум мемлекет құндылықтарын онжылдықтарға айқындайтынын, ал әділ ережелер сенім, инвестиция мен даму үшін, әсіресе әлеуметтік экономика мен әйелдер кәсіпкерлігінде маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

Кездесу соңында ШҚО-ның шағын және орта бизнесі мен агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері конституциялық өзгерістер тұрақтылыққа кепілдік беру, заңды құқықтарды қорғау, өндірісті жаңғырту және өңірлердің тұрақты дамуына жағдай жасауға жол ашатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары