Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Құрметті достар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – айналамыздағы жандарға ризашылық білдіріп, жылы лебізімізді жеткізетін ерекше күн. Ата-ана мен ағайын-туысқа құрмет көрсетіп, достарға алғыс айтатын мұндай мереке адамгершілік пен ізгіліктің айқын көрінісі екені анық. Осындай игі дәстүр қоғамды ұйыстырып, татулық пен сыйластықты нығайта түседі.

Бұл құндылықтар Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан кешенді жаңғыртулар кезеңінде және еліміздің алдағы бағыт-бағдарын айқындайтын қазіргідей тарихи сәтте айрықша маңызға ие. Халқымыз осындай айтулы даталардың септігінен жұдырықтай жұмыла түсіп, әрдайым бірлік пен берекенің биігінен көрінеді деп сенеміз.

Баршаңызға алғыс айта отырып, амандық және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін!Көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын!", – дейді Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар