"Мишабай, жаңа рекордтар тілеймін": Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік кілтін табыстады (ВИДЕО)

"Мишабай, жаңа рекордтар тілеймін": Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік кілтін табыстады (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Димаш Құдайберген Алматыға оралған Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа су жаңа көліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Мишабай, аман есен елге жетуіңмен!

Өзімнің атымнан ғана емес, сенің жеңісіңнен мерейі көкке көтерілген барша қазақстандықтардың атынан Hyundai Palisade автокөлігін уәде еткенімдей табыстадым.

Саған мықты денсаулық, күш-қуат және жаңа рекордтар тілеймін.

Ізгі тілекпен,

Димаш Құдайберген", – делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары