Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдікті Индонезия Республикасында ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады.
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.
Сонымен қатар, бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен халықаралық іздеуде тұрған күдіктінің бұрынғы жұбайы да анықталды, — делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды алдын ала жоспарлап өлтірген.
Сонымент қатар, қылмыстан кейін мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген.
Қазіргі уақытта күдіктілерді Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.